Депутаттыққа үміткер Жасұлан Хайруллин үгіт-насихат жұмыстары аясында шалғай елді мекендерді аралады
Депутаттыққа үміткер Жасұлан Хайруллин үгіт-насихат жұмыстары аясында шалғай елді мекендерді аралады
656
оқылды
Атырау облыстық мәслихатының депутаты мандатына үміткер Жасұлан Ерсайынұлы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында облысымыздың шалғай елді мекендерін аралады. Сүйіндік, Балқұдық ауылдарына арнайы барып, Азғыр өңірінің тұрғындарымен тілдесті. Жергілікті жұрт көтерген бірнеше маңызды мәселелер қатарында ең алдымен, әрине жол қатынасының қиындығын айтпасқа болмайды. Облыс орталығы тұрмақ, аудан орталығы Құрманғазыға жету де аталған ауыл тұрғындары үшін қиындық келтіретіні сөзсіз. Медицина саласы мамандарының тапшылығы, дәріхана жоқтығы да ауыл тұрғындарын алаңдатады. Сапалы жол мен таза ауыз су да – күрмеулі мәселенің бірі. AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасында ауыл тұрмысын жақсартуға баса мән берілген. Сонымен қатар, партиялық бағдарламада ауыл шаруашылығы саласын өрістету жолдары қарастырылған. Бұл туралы кандидат Жасұлан Хайруллин сайлаушылармен кездесу барысында кеңінен айтып өтті. Өз тәжірибесіне сүйеніп, саланы жетілдіру туралы ойларын да ортаға салды. Өйткені, ол – ата кәсіпті жалғаушы, іргелі қожалықтың басшысы.
«Ата кәсіпті жалғастыру мақсатында 2008 жылы жеке кәсіпкер ретінде тіркелдім. Шаһарда мал сою цехын ашып, «Ерсайын» шаруа қожалығының жұмысын қолға алып, жандандырдым. Бүгінде бірегей «Ақбас» тұқымды ірі қара мал басын көбейтіп, облыстағы және елдегі ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлес қосып келемін»,– дейді ол.
AMANAT партиясы атынан сайлау науқанына қатысатын кандидат Жасұлан Хайруллин 1988 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді.

Тапсырыс беруші: AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалы AMANAT партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатынан төленді