Мұнымен қоса, Әсел Төлепбергенова ауылдық жерлерді өркендетуге арналған бағдарламада айтылған шараларды түсіндірді. Айтуынша, партия ауыл шаруашылығы саласын дамытуға күш салады. Өйткені, Алматы облысы – аграрлы мекен. Саладағы өзекті проблемалардың шешілу жолы – сайлауалды тұғырнаманың басты міндеттерінің бірі. Осылайша, партия тұрғындарды толғандырған мәселелердің шешімін табуға атсалысады.
«Өңірде жайылым жердің тапшылығы 1,4 млн га. Ал, саладағы су шаруашылығы нысандарының тозуы 70%, ал техникалардың тозуы шамамен 65 пайыз. Осыған байланысты, біздің басты мүддеміз – аграрлық секторды қолдауға және дамытуға бағытталады. «Жер Аманаты» партиялық жобасы аясында 260 мың г астам пайдаланылмай жатқан жерді мемлекет меншігіне қайтаруға ықпал етеміз. Ауылдағы 15 мың адамды жұмыспен қамтуға күш саламыз», − деді Әсел Төлепбергенова.
Жиынға қатысқан тұрғындар сайлауалды бағдарламаны мұқият тыңдады. Өз кезегінде жиылғандар партияның алдағы жоба-жоспарына сенім білдіріп, саяси науқанға атсалысатындарын атап өтті. Жұртшылық өз тарапынан аймақтағы мәселелерді айтып, өз ұсыныс-тілектерін қоғамдық қабылдауда жеткізді.
Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді