Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласындағы жылу электр орталығында тағы да апат болды, – деп хабарлады "ҚазАқпарат".
Қала әкімдігінің мәліметінше, жылу электр орталығындағы апат 28 ақпанда сағат 3.45-те болған.
«№1 және №2 қазандық апаттық жағдайда өшірілді. Ал сол уақытта №3 және №4 қазандық қана жұмыс істеп тұрды. Қазір №2 қазандықты жөндеу жұмыстары аяқталып, ол іске қосылды. №1 қазандық та қалыпқа келтіріліп, қосылуға дайындалып жатыр», – дейді шаһар басшысы Дмитрий Горьковой.
5 қараша күні сағат 20.00-де Риддердегі ЖЭО-да күл шығару жүйесіндегі сорғы істен шығып, №1 қазандық агрегатының қосалқы жабдығы апатты жағдайда ажыратылған болатын. Салдарынан 22 мыңнан астам абонент үшін жылу беру азайтылды.