"Көксарай" және "Шардара" су қоймаларында жағдай күрделі – ТЖМ
"Көксарай" және "Шардара" су қоймаларында жағдай күрделі – ТЖМ
© Sputnik / Елена Бережная
925
оқылды
ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жыл басынан бері "Шардара" су қоймасы мен "Көксарай" су реттегішінде күрделі жағдай қалыптасқанын мәлімдеді.
«Бүгінде  "Шардара" су қоймасының суға толуы – 5,1 млрд м3 немесе 98% құрайды. Көксарай су реттегішінде – 1,8 млрд м3 немесе 98%. Бұл ретте Су ресурстары комитетінің тапсырысымен «Қазгипроводхоз» институты тексеру жүргізіп, оның техникалық жай-күйі туралы қорытынды берді, оған сәйкес жинақтау 1,8 млрд м3 судан аспауы тиіс. Бұл туралы біз Экология және табиғи ресурстар министрлігіне бірнеше рет хабарладық», – деді министр Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Су тасқыны болған жағдайы "Шардара" су қоймасынан және "Көксарай" су реттегішінен көп мөлшерде су ағызған жағдайда Түркістан және Қызылорда облыстары аумақтарын су басу қаупімен күрделене түседі.
«Қызылорда облысының солтүстік аудандарындағы мұз қатуды Су ресурстары жөніндегі комитет су шығыны төмен кезде белгілеген, ол су төгінділерін қауіпсіз арттыруға мүмкіндік бермегендіктен, жағдай қиындап барады. Экология және табиғи ресурстар министрлігі "Шардара" су қоймасы мен "Көксарай" су реттегішінде судың жинақталу барысын бақылау үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құру жөніндегі біздің ұсыныстарымызды есепке алған жоқ», – деді Төтенше жағдайлар министрі.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова "Шардара" су қоймасы мен "Көксарай" су реттегіші айналасындағы жағдай үнемі бақылауда екенін айтты.