Қазақстанда ауа райына байланысты 4 облыста жол жабылды
Қазақстанда ауа райына байланысты 4 облыста жол жабылды
Фото: news.myseldon.com
487
оқылды
Елімізде ауа райының қолайсыздығына орай 4 облыста жолдар жабылды. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше, 28 ақпанда сағат 10.45-тегі ақпаратқа сәйкес, 4 өңірде ауа райының қолайсыздығына орай республикалық маңызы бар автожолдардың 11 учаскесінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Ақтөбе облысы бойынша:
  • Ақтөбе – РФ шекарасы тасжолының Ш.Қалдаяқов ауылынан РФ шекарасына дейінгі аралығында (автокөліктің барлық түрі үшін);
  • Ақтөбе –Мәртөк – РФ шекарасы тасжолының ЭкоОйл –  РФ шекарасы арасы (барлық көлік түрі үшін);
  • Самара – Шымкент тасжолының Батыс Қазақстан облысы шекарасы – Құршасай кенті арасы (барлық көлік түрі үшін);
Қостанай облысы бойынша:
  • Қостанай – Әулиекөл – Сурған тасжолының Әулиекөл ауылы – Октябрьское ауылы арасы (автокөліктің барлық түрі үшін);
  • Қостанай – Әулиекөл – Сурған тасжолы Октябрьское ауылы – Ақмола облысы шекарасы арасы (барлық автокөлік түрі үшін);
  • Екатеринбург – Алматы тасжолы Сарыкөл ауылы – СҚО шекарасы арасы (автокөліктің барлық түрі үшін);
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша (барлық көлік түрі үшін):
  • Екатеринбург – Алматы тасжолы Қостанай облысы шекарасы – Тоқсан Би ауылы арасы;
  • Жезқазған – Петропавл тасжолы Ақмола облысы шекарасы – Новоишимское ауылы арасы;
  • Волошинка – Сергеевка – Тимирязево тасжолы Сергеевка ауылы – Тимирязево ауылы арасы;
  • Тимирязев – Сарыкөл – Қостанай облысы шекарасы;
  • Тимирязев ауылы – Қостанай облысы шекарасы арасы;
Батыс Қазақстан облысы бойынша (жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін):
  • Самара – Шымкент тасжолының Жымпиты – Ақтөбе облысы шекарасы арасы жабық.