Өзіміздің «Сири», «Алисалар» өмірге келуі керек – «AMANAT» бағдарламасы
Өзіміздің «Сири», «Алисалар» өмірге келуі керек – «AMANAT» бағдарламасы
429
оқылды
«AMANAT» партиясының кандидаты және облыстық сайлауалды штабтың төрағасы Сайрангүл Жұмаділованың сенімді өкілдері облыстық драма театр қызметкерлерімен кездесті. Кездесуде партиялық бағдарламаның біртұтас қоғамға қатысты басымдықтары туралы айтылды. Мәселен, «AMANAT» алдағы жылдарда мызғымас ортақ құндылықтарды нығайтуға ниетті. Олар – білім, әділдік, жауапкершілік, еңбекқорлық, өзара көмек, адалдық, сыйластық, отбасылық мұратқа адалдық.  width=
– Біз бір-бірімізге қамкөңіл болуымыз, дәстүрлі меймандостық қағидаларды ұстануымыз, ана тілімізді, яғни мемлекеттік тілді дамытуымыз, әйел құқығын қорғауымыз, барлық көзқарасты түсініп, оны құрметтей білуіміз керек, – деді сенімді өкілдердің бірі.
Аманаттықтар елімізде ана тілі мен ұлттық мәдениетті қолдау және дамыту құқығына ешкім ешқашан нұқсан келтірмейтінін сеніммен айтты.
– Партия қазақ тілін кеңінен насихаттай отырып, заманауи фильмдер мен мультфильмдер дубляжын жалғастырады. Танымал қосымша, мессенджер мен әлеуметтік желі интерфейстерін қазақ тіліне аударуға көңіл бөлінеді. «AMANAT» мүшелері жасанды интеллект қазақ тілінде сөйлеуге тиіс деген ұстанымда. Өзіміздің «Сири», «Алиса» және «Алексалар» өмірге келуі керек. Құндылықтары ортақ, біртұтас қоғамды қолдасаңыздар,  «AMANAT» партиясының кандидаттарына дауыс беріңіздер! – деді сенімді өкілдер.
 width= Кездесу соңында театр қызметкерлерінің ұсынысы тыңдалды. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.