Бұл рәсімге Приозерск қаласының әкімі Сапар Сатаев, Приозерск гарнизонының Әскери прокуроры әділет полковнигі Арман Дармурзаев, Приозерск гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің бастығы майор Жалғасбек Айдынбеков және сарбаздардың ата-аналары қатысты.
Казармалық үй-жайдың ашылуы әскер қатарында жүрген сарбаздарды, әскери қызметшілерді қуантқаны рас. Заман талабына сай жабдықталған казармада сарбаздарға қолайлы жағдай жасалып отыр, - деді Приозерск қаласының әкімі Сапар Сатаев.
Шара барыында сондай-ақ келген қонақтар да жылы лебіздерін білдіріп, модульдік казарманың ашылуымен құттықтады.
Приозерск гарнизонының баспасөз
хатшысы Думан Жұмашұлы