Экологиялық ахуалын зерделейді
Экологиялық ахуалын зерделейді
530
оқылды
Ұлытау облысының кей­бір бөлігі экологиялық апат ай­­мағы деп жариялануы мүм­­­кін.
«Мессенджерлерде жалақыға үс­темеақы және қосымша дема­лыс берілетіні туралы аудио­хабарлама тарап жатыр. Осы орайда Ұлытау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қазандағы №28/02 қаулысымен аумақты зерттеу жөніндегі комиссия құрылғанын ескертеміз. Бұл ретте өңірдің кейбір бөлігін экологиялық апат аймағы деп жариялау ескерілген. Комиссия мүшелері аймақты то­лық зерттеу керек екені жайында бірнеше отырыс ұйымдастырды. Нәтижесінде, ғылыми-зерттеу институттарын жұмысқа тарту туралы шешім қабылданды», – деп хабарлады Ұлытау облысы әкімдігі.
Қазір мемлекеттік са­тып алу порталында тиісті зерттеу­лерге конкурс жарияланды. Бұл бағыттағы жұмыс 1,5-2 жылға со­зылады. Зерттеу жүргізіліп, сарап­шылардың қорытындысы шық­қаннан кейін нәтижелер Эко­логия, геология және табиғи ре­сурстар министрлігінің, Ден­сау­лық сақтау министрлігінің және Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігінің қа­рауына жіберіледі.
«Аталған министрліктердің рұқсатымен және Үкіметтің Қау­лысы негізінде Жезқазған қала­сы, Сәтбаев және Ұлытау об­лысының Ұлытау ауданының бір бөлігі экологиялық апат ай­мағы бо­лып жариялануы мүмкін. Со­дан кейін ғана тиісті төлемдер және әлеуметтік жеңілдіктер қа­рас­­тырыла­ды», – деп атап өтті әкім­­дік хабарла­масында.