«Былтырдан бері осы бағдарламаға мемлекеттік қолдау көрсетіліп келеді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 20-ға жуық отандық туристік оператор 700 отбасын қабылдап, оларға турпакет сатып, осы орайда Kids Go Free бағдарламасы аясында 1,5 мың бала ұшақпен тегін сапарлады. Биыл тағы да жаңа туроператорлар қосылады деп ойлаймыз. 2023 жылы 2 мың баланы қамтуды жоспарладық. Егер өтінімдер көп болса, қосымша қаржыландыру мәселесі пысықталады», – деді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ баспасөз хатшысы Ернұр Кенжебеков.Аталмыш мекеменің жүйелік шараларды жүзеге асыру департаменті директоры Тимур Кожыбековтің айтуынша, бұл бағдарламаға туроператорлар ерікті түрде қатысады.
«Бала санына қатысты шектеу жоқ. Бір баласы бар немесе 3-4 бала тәрбиелеп отырған отбасылар да бағдарламадағы жеңілдіктерді пайдалана алады», – деді ол.Бағдарлама аясында сапарға шыққысы келетін отбасылар туроператорларға баруы керек. Бұл операторлардың тізімін Instagram желісіндегі KidsGoFree kz парақшасынан алуға болады. Ел ішінде ресми операторлар арқылы тур сатып алған отбасылардың балаларына тегін ұшақ билеті беріледі.
Б.ИКРАМОВА