Медицина саласында мықты, білікті мамандардың барлығы шет елге кетіп жатыр. Бұл туралы белгілі блогер, әлеуметтік сарапшы Дәулет Мұқаев айтты. Өйткені, өзге елде еңбек бағаланады, жалақы жоғары.
"Қайда жағдай жақсы жасалады, сол жаққа барып қызмет ету – заңдылық. Содан соң, МӘМС, медициналық сақтандыру жүйесіне көңілі толмайтын адамдар көп. Менің де көңілім толмайды. Ай сайын бірнеше мың теңге беремін, бірақ әлі күнге тегін медицинаны пайдаланып көрмеппін. Өткенде терапевтке жазылайын десем, "Уақыт жоқ, 2,5 айдан кейін" дейді. Сонда мен ауыратын күнімді алдын ала есептеп баруым керек екен ғой", – деді танымал блогер.
Ол көпшіліктің емханадағы кезегін 2,5 ай бойы күтпейтінін, еріксіз ақылы клиникаға баратынын атап өтті. Ал оның барлығы ақша. Ақылы клиникаға барып, медициналық сақтандыруды пайдаланайын десең, қобыраған анықтама қағаз жинау керек.
"Мәселен, мен қағазбастылықты ұнатпаймын. Содан соң, "Қойшы, одан да өз ақшамнан төлей салайын" деймін. Көрдіңіз бе, медицинаға қала халқының ешбірінің көңілі толмайды", – деп атап өтті Дәулет Мұқаев.
Блогердің пайымынша, Қазақстанда еңбектің бағасы жоқ. Дәрігер болсын, мұғалім болсын, еңбек жуушы болсын, еңбектері дұрыс еленбейді.