Жауапсыздық құны – 3 миллион
Жауапсыздық құны – 3 миллион
514
оқылды
Екібастұздағы жылу электр орталығына «өлшем бірлігін» бұзғаны үшін 3 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Биыл қаңтарда Сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті Екібастұз прокуратурасы­мен бірлесіп Екібастұз ЖЭО қызметін метрология саласындағы заңнамалық актілерде белгіленген талаптарды сақтау бойынша тексеруге қатысқаны хабар­ланды.
«Тексеру барысында сынау аралығы бұзылғаны және тексеру мерзімі өткен өлшеу құралдары пайдаланылғаны анық­талды, мысалы: техникалық манометр­лер, қысымды түрлендіргіштер, вольтам­перметр, мегаомметр. Өлшем құралдарын салыстырусыз пайдалану «Өлшем бір­лігін қамтамасыз ету туралы» заңның 19-бабы 1-тармағын бұзу болып табыла­ды», – деп мәлімдеді Сауда және ин­теграция министрлігі.
Осы заңбұзушылық бойынша әкім­шілік жауапкершілік – 1 600 АЕК – 5 мил­лион 520мың теңге айыппұл қарас­тырыл­ғаны атап өтілді. Екібастұз про­куратурасының заң­бұзушылықтарды жою туралы ұсынысы негізінде басқарма қыз­меткерлеріне әкім­шілік құқықбұзу­шылық туралы хаттама толтырылған.
«Екібастұз ЖЭО-ның заңбұзушылық жасау дерегін мойындауына байланысты ӘҚБтК-нің 811-бабына сәйкес жеті тәулік ішінде қысқартылған іс жүргізу тәртібімен 2 760 000 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл төлеу туралы ұйғарым шығарылды. Қазір әкімшілік айыппұл толық көлемде төленді», – делінген хабар­ламада.