Әйел туған қызын наркодиспансерге жатқызу үшін екі ер адамды жалдаған
Әйел туған қызын наркодиспансерге жатқызу үшін екі ер адамды жалдаған
7,344
оқылды
Екі ер адам 1986 жылы туған әйелдің пәтеріне заңсыз кіріп, физикалық күш көрсетіп, ұрлап әкеткен. Оны Алматыға әкеліп, зорлықпен наркологиялық клиникаға жатқызған, – деп хабарлайды Zakon.kz.
"2023 жылғы 27 ақпанда Талғар ауданының Полиция басқармасына 1986 жылы туған әйел пәтеріне заңсыз кіріп, физикалық күш көрсетіп, ұрлап әкеткен, Алматыға әкеліп, зорлықпен наркологиялық клиникаға жатқызған бейтаныс адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы арыз түсірді", – деп жазды Талғар  аудандық Полиция басқармасынан.
Талғар ауданы полициясының алдын ала мәліметі бойынша, бұған зардап шеккен әйелдің анасы тапсырыс берген.
"Тергеудің нәтижесінде, жоғарыда аталған әйелдің анасы күдікті ретінде анықталды. С. қызын мәжбүрлеп емдемек болып, оны медициналық мекемеге жеткізу үшін екі ер адамды жалдады", – деді  полиция басқармасы өкілі.
Бұл іс Талғар Полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы 2-бөлігі ("Адам ұрлау") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Қазір  тергеу жалғасып жатыр.