Ақтөбе облысындағы жол апатынан Өзбекстанның 4 азаматы мерт болды
Ақтөбе облысындағы жол апатынан Өзбекстанның 4 азаматы мерт болды
651
оқылды
Ақтөбе облысында жүк көлігі мен жеңіл авто соқтығысып, 4 шетелдік қайтыс болды,  – деп хабарлайды polisia.kz Telegram каналы.
«4 наурыз күні солтүстік айналма жолда КамАЗ жүк көлігі мен Cobalt жеңіл автокөлігі соқтығысқан. Жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы – барлығы Өзбекстан Республикасының азаматтары оқиға орнында көз жұмды. Сотқа дейінгі тергеу басталды және оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – делінген хабарламада.