Түркістан облысында аңға шығып, жоғалып кеткен мұғалімнің мәйіті 10 күннен кейін табылды
Түркістан облысында аңға шығып, жоғалып кеткен мұғалімнің мәйіті 10 күннен кейін табылды
© polisia.kz
1,062
оқылды
Түркістан облысының полицейлері аң аулауға шығып, жоғалып кеткен ер адамның денесін тапты, – деп хабарлады polisia.kz. Еске салайық, ер адам жоғалып кеткені туралы ақпарат 24 ақпанда Бәйдібек ауданының ПБ-не түскен еді. Жалпы іздеу жұмыстарына 100-ге жуық адам, соның ішінде полиция қызметкерлері, сүңгуірлер, ТЖМ қызметкерлері, еріктілер, ауыл тұрғындары мен жоғалған адамның туыстары жұмылдырылды. Тұрғынды ертерек табу мақсатында дрон пайдаланылды. 10 күннен соң жоғалған адамның денесі су бетінен табылып, жағаға шығарылды. Аталған жайт Бәйдібек аудандық полиция бөліміне ҚР ҚК-нің 001-бабы "Адамның қайтыс болуы" бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.