Түркияға көмекке барған бес құтқарушыға Сәтбаев университетінің оқу гранты табысталды
Түркияға көмекке барған бес құтқарушыға Сәтбаев университетінің оқу гранты табысталды
563
оқылды
Алматыдағы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университеті өткен айда Түркиядағы жер сілкінісінің салдарын жою және тұрғындарды құтқару операциясына қатысқан Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бес қызметкеріне оқу грантын табыстамақ. Бұл туралы аталған оқу орнының ректоры Мейрам Бегентаев мәлімдеді. «Еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері Түркия Республикасында орын алған табиғи апатқа қарсы ерлік пен табандылық танытты. Бүгінгі табысталып отырған білім беру гранттары – сіздер үшін жасай алатын ісіміздің аз ғана бөлігі. Біздің болашақ студенттері тек құтқару ісінде ғана емес, оқуда да үздік атана алады деген сенімдемін», – деді Мейрам Бегентаев ТЖМ «Республикалық жедел құтқару жасағы» мекемесінде өткен жиында. Түркия Сонымен қатар ол Төтенше жағдайлар министрлігі – еліміздегі төтенше жағдайлардың алдын алу мен оны жоюға жауапты негізгі ведомстволардың бірі. Бұл міндетті тиімді атқару үшін жоғары білікті мамандар, соның ішінде техникалық мамандар өте қажет екенін атап өтті. «Сәтбаев Университеті ТЖМ ұзақ уақыттан бері ынтымақтастық қарым-қатынас жасап келеді. Университет осы байланысты одан әрі дамытып, нығайтуға, құтқарушылардың және жалпы департаменттің әлеуетін арттыруға және жастардың арманын жүзеге асыруға көмектесуге әркез дайын. Еліміздегі тұңғыш техникалық университетте білім алуға бөлінген гранттар дәл осы мақсатта қызмет етеді. Біз грант иегерлерін шын жүректен құттықтап, оларға оқуда сәттілік тілейміз!», – дейді еліміздегі техникалық блім беретін іргелі оқу орнының басшысы.

Нұрболат АДЫРБЕК, Алматы