Еліміздің 12 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Еліміздің 12 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды
661
оқылды
"Қазгидромет" синоптиктері еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жариялады. Атырау облысының солтүстігінде, шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с. 7 наурызда Абай облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде жауын-шашын, күндіз облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) жауады. 8 наурызда жауын-шашын, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. 7-8 наурызда облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, 7 наурыз күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында 15-20, екпіні 25 м/с, 8 наурызда 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың орталығында кей уақытта 30 м/с және одан асадфы. 7-8 наурыз күндіз ауа температурасы 3-8 градус жылы, 7 наурызда облыстың оңтүстігінде 11 градус жылы. 7 наурызда түнде Қарағанды облысының батысында, күндіз басым бөлігінде жауын-шашын, облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ. 07 наурызда облыстың оңтүстік-шығысында тұман. 8 наурызда облыстың оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан жел оңтүстік-батысқа ауысады, 07 наурызда түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 07-түнде 08 наурызда 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан да аса, күндіз 08 наурызда облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с. 07 наурызда күндіз ауа температурасы 2-7, облыстың оңтүстігінде 10 градус жылы. Қарағанды қаласында оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. 8 наурызда Түркістан облысында жаңбыр, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. 8 наурызда күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, 7 наурызда түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, кей уақытта екпіні 23-28 м/с, облыстың таулы асуларында 30 м/с асады. 8 наурыз түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с, таулы асуларында кей уақыттарда - 30 м/с. Күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында - 15-20 м/с. 7 наурыз күндіз Ақмола облысының басым бөлігінде жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. 8 наурыз түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар жауады. 7 наурызда облыстың батысында, солтүстігінде, 8 наурызда облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. 7 наурызда облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, 8 наурызда облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ. 7 наурызда облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 7 наурыз түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, 8 наурызда 15-20, облыстың шығысында екпіні 23-28 м/с, түнде кей уақытта 30 м/с және одан асады. 8 наурызда Павлодар облысында түнде жауын-шашын, облыстың оңтүстігінде, орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні - 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с асады. 8 наурызда Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақытта - 30 м/с. Астана қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні - 17-22 м/с. 7 наурыз түнде Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан желш соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні - 15-20 м/с. 7 наурызда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с. 7 наурызда Алматы облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыс желі, екпіні - 15-20 м/с. 8 наурыз күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 7-8 наурызда түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Күндіз 08 наурызда облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, таңертең және күндіз 7-8 наурызда екпіні 23-28 м/с жетеді. 7 наурызда Ұлытау облысында жауын-шашын, күндіз солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Облыстың шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батыстан жел ауысады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, кей уақытта екпіні - 23-28 м/с. 7 наурыз күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың шығысында - 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде - 15-20, екпіні - 23-28 м/с. 7 наурызда Қостанай облысының басым бөлігінде қар, облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз батысында, солтүстігінде, орталығында қатты қар. Облыстың солтүстік жартысында бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде көктайғақ, тұман. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстікке ауысады, облыстың басым бөлігінде 15-20, күндіз облыстың шығысында екпіні 23 м/с. 7 наурыз түнде Ақтөбе облысының батысында, орталығында қатты жауын-шашышн (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде көктайқақ күтіледі. Күндіз облыстың шығысында жаяу бұрқасын соғады. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады күші, облыстың оңтүстігінде, орталығында, шығысында екпіні - 15-20 м/с. 7 наурызда Қызылорда облысыныңорталығында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 25 м/с жетеді.