Бүгін далам күндегіден бөтен ғой,Бүгін ғалам жылылыққа мекен ғой.Бар сұлулық неге тұнып тұр десем,Әйелдердің мерекесі екен ғой.Аяз да жоқ жанды қарып кетердей,Көктем келді жаның еріп кетердей.Тірлік неге жарды десем бүршігін,Әйелдердің мерекесі екен ғой.Шыртылдаушы ек бұрын сөзді көтермей,Бүгін мінез бал аралас шекердей.Жаным неге нәзік тартып тұр десем,Нәзіктердің мерекесі екен ғой.Әйелсіз үй, әйелсіз күн бекер ғой,Әйелменен әлем сұлу екен ғой.Адам біткен аңсап жүрген жылылық,Әйелдердің қабағында екен ғой.Сөйлеңдерші әйелге ашу көтермей,Бүгін, міне, мерекесі екен ғой.Әйел кім деп ақылсыз сөз бастама,Бірі – қызың, бірі – жарың, ал біреуі шешең ғой.