Жоғары палатаның заң шығару қызметі баяндалды
Жоғары палатаның заң шығару қызметі баяндалды
457
оқылды
Мемлекет басшысы Парламент Сена­тының Төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады. Президентке жоғарғы палатаның заң шығару қызметі туралы баяндалды. Сенаттың Парламенттегі қызметі басталғаннан бері 21 заң мақұлданып, қабылданған. Оның ішінде еңбек дауларын шешу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, цифрлық активтер, сондай-ақ Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдар қаралған. Мәулен Әшімбаевтың мәліметі бойынша, қазір Сенатта Мемлекет басшысының тапсыр­масымен әзірленген маңызды заң жобалары қаралып жатыр. Атап айтқанда, алдағы кезеңде 2023 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылауды, Әлеуметтік кодексті, сондай-ақ әкімшілік реформа, адам құқықтары және азаптаулардың алдын алу, мемлекеттік қызмет мәселелеріне қатысты заң жобаларын қа­растыру жоспарланып отыр. Президентке палатаның сот жүйесін рефор­малау және процессуалды заңнаманы жетілдіру жұмыстары туралы ақпарат берілді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында Сенатта жұмыс тобы құрылған. Бұл топ 60-тан астам отырыс өткізіп, 350-ге жуық ұсыныс жинаған. Аталған жұмыстың нәти­жесінде екі заң жобасы әзірленді. Сонымен қатар Мемлекет басшысына Сенат жұмысындағы өңірлік күн тәртібін нығайтуға, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің идеяларын ілгерілетуге бағытталған іс-шаралар таныстырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді әлеуметтік-экономикалық тұрғыда кешенді дамыту жө­ніндегі реформаларды одан әрі қолдауға ба­ғытталған заңнамалық қызметті жалғастыру қажет екенін атап өтті.