Шымкентте көшеден ер адамның мәйіті табылды (видео)
Шымкентте көшеден ер адамның мәйіті табылды (видео)
Фото: видеодан алынған скриншот
4,712
оқылды
Шымкент қаласында ер адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, 37 жастағы ер адам есірткіні көп мөлшерде қолданған. Бұл туралы Aikyn.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Қайғылы оқиға 6 наурызда сағат 00.30-да болды. Ер адам досының медициналық көмекке мұқтаж екенін айтып, жедел жәрдем шақырған. Оның сөзінше, оның досы көлікте ауырып қалған. Алайда дәрігерлер келгенде оқиға туралы хабарлаған адам жақын жерде болмаған. Ер адамның мәйіті BMW маркалы көліктің жанында, жолда жатқан. Қазір құқық қорғау органдары істің мән-жайын анықтап жатыр. https://youtu.be/I7_oliV7hCE