Үш облыста 9 жол жабылды
Үш облыста 9 жол жабылды
Фото: news.myseldon.com
215
оқылды
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы бірнеше жолдың жабылғанын хабарлады. 7 наурыз сағат 17:30-дағы ақпаратқа сәйкес 3 облыста ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 9 учаскесінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілген. Атап айтқанда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай өңірлерінде тасжолдар жабылды. Республикалық автожолдарды күтіп ұстау жұмысына 400 техника мен 500 қызметкер жұмылдырылды.