ШҚО-да қар көшкініне байланысты екі тасжол учаскесі жабылды
ШҚО-да қар көшкініне байланысты екі тасжол учаскесі жабылды
399
оқылды
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупіне байланысты екі тасжол учаскесі жабылды, деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Департамент мәліметінше, өңірдегі екі тасжол учаскесіне қар көшкіні түсуі ықтимал.
«Бүгін сағат 20.00-ден бастап республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнарлары» тасжолының 6-166 шақырымында (Ушанов ауылы мен Алтай қаласының аралығы) және облыстық маңыздағы «Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолының 88-145 шақырымында (Жоғары Тайынты мен Самар ауылдарының аралығы) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынады», - делінген хабарламада.