ШҚО-да қар көшкіні жүрді
ШҚО-да қар көшкіні жүрді
350
оқылды
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болды. Жолшылар учаскені тазартып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап.
Ұлттық оператордың хабарлауынша, 8 наурыз күні сағат 13:00 шамасында республикалық маңызы бар "Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары" тасжолының 62-шақырымында қар көшкіні өздігінен түсті. Қар көшкінінің параметрлері: ұзындығы – 4 метр, ені – 3 метр, биіктігі – 1 метр.
"Зардап шеккендер жоқ. Республикалық күре жол ашық. Учаскеде қозғалыс бір жолақ бойымен ұйымдастырылды", - делінген хабарламада.