Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Фото: inbusiness.kz
759
оқылды
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Облыстың солтүгінде, батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарда тұман, түнде жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыс желі, түнде облыстың шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с. Алматыда  түнде және таңертең тұман күтіледі. Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Маңғыстау облысының шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15- 20 м/с. Шымкентте 09 наурызда күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Қостанай облысының солтүстігінде, батысында түнде жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Павлодар облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с.