Алматыда Медеу-Шымбұлақ жолы жабылды
Алматыда Медеу-Шымбұлақ жолы жабылды
487
оқылды
Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті тауда абай болуға шақырды. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сәйкес, Медеу-Шымбұлақ автожолының диспетчерлік постының жанында Медеуге, Шымбұлақ-Тұйық су тас жолына «Шымбұлақ» тау шаңғы курортынан жоғары, сондай - ақ Алматы-Үлкен Алматы өзенінің автожолына, «Аюсай» шатқалына апарар жолға бекеттер қойылды.
«8- 9 наурыз аралығында Үлкен Алматы және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты қар көшкіні болуы мүмкін»,- деп хабарлады ведомстводан.