Жеңіл өнеркәсіп қарқынды дамуда
Жеңіл өнеркәсіп қарқынды дамуда
543
оқылды
 AZALA Textile  ЖШС –  Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі көшбасшыларының бірі ғана емес, сонымен қатар Литва, Латвия, Германия, Италия, Польша, сондай-ақ жақын шетелдерге тауарлары экспортталатын халықаралық бренд. ҚР Мәжіліс депутаттығына үміткер Әлия Юсупованың сенімді өкілі Панзарбек Шыңғыс, Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Бақытжан Жақсықұлов, Абуали Тасмурзаев және «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалының атқарушы хатшысы Гүлжайна Жартыбекова аталмыш ұжымының қызметкерлерімен кездесті. Кездесуде үміткер «AMANAT» партиясының алдағы 5 жылға арналған жобаларын баяндады. Атап айтқанда, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, ауылшаруашылық кәсіпорындарын дамыту, шағын және орта бизнесті дамыту. Жылына 2 800 тоннадан астам иірімжіп, дайын және қатты матаның 14 миллион метрін шығаратын өндірістік қуаты бар тоқыма комбинаты Шымкент қаласында орналасқан. Бүгінде мақта-мата комбинаты өнімнің кең ассортиментін шығарады. Бұл –  дайын өңделген маталар, түкті және вафельді сүлгілер мен ақжаймалар, төсек-орын жиынтығы, барлық стандартты өлшемдегі төсек-орын жабдықтары, сүлгілер, ақжаймалар, жастық тыстары, көрпе тыстары, балалар тоқымасы, сондай-ақ қатты иірімжіп (100% мақта), қатты маталар (100% мақта, тегіс, түкті, вафельді).  width=

– Бүгінде қалада жұмыссыздық деңгейі 5%-ды құрайды (22 мың адам). Ал нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар саны – 1,2 мың адам. Қалада жалпы жер көлемі 886 гектар  құрайтын 5 өндіріс аумағы бар. Онда бүгінде 200 млрд теңгеге 180 инвестициялық жоба іске асырылып, 8 мыңнан аса жұмыс орны ашылды. Өндіріс орындарының толымдығы 90 пайызға жетті. Соңғы жылдары инвестиция тарту бойынша Шымкент қаласы республика көлемінде алғашқы орында келеді, –  деді өз сөзінде Бақытжан Жақсықұлов.

Кездесу соңында үміткерлер еңбек ұжымын 19 наурыз күні өтетін сайлауға белсенді қатысып, халықтың аманатын арқалаған «AMANAT» партиясы үшін дауыс беруге шақырды. Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясының Сайлау қоры  қаражатынан төленді.