Таразда полицей улы газға тұншығып, ес-түссіз жатқан 5 адамды құтқарды
Таразда полицей улы газға тұншығып, ес-түссіз жатқан 5 адамды құтқарды
© azattyq-ruhy.kz
1,151
оқылды
Таразда полиция қызметкері улы газға тұншығып, ес-түссіз жатқан 5 адамды құтқарып қалды, –  деп хабарлайды ІІМ. Тараз қаласы ПБ 2-ші полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Әлішер Ермековтің айтуынша, ол мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Эльмира Еселбаевамен бірге оқушының сабаққа келмеу себебін білу үшін оның үйіне келген. Мектепке келмеген 8 жасар баланың ата-анасы қоңырауларға жауап бермеген. Мекенжайға келген полиция инспекторы қақпаны қаққанда да оны ешкім ашпаған. Көршілерден сұрағаннан кейін, кешеден бері отбасын ешкім көрмегені белгілі болды. Әлішер Ермеков көршісінің рұқсатымен үйдiң ауласына кiрген.
«Үйге келе жатып, терезеден біз баланың еденде ес-түссіз жатқанын көрдік. Ойланбастан терезені сындырып, бөлмеге кірдім. Үйде каустикалық иіс болды, мен тұрғындардың көміртегі тотығымен дем алғанын түсіндім. Бірден газды жауып, барлық терезелерді аштым», – деді Әлішер Ермеков.
Барлық бөлмелерді аралап шыққан полиция қызметкері 58 жастағы отағасын, оның 47 жастағы әйелін, олардың 12 және 10 жастағы қыздарын, сондай-ақ 8 жасар ұлын көшеге шығарды. Полицей зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі қажетті көмек көрсетіп, кейін жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Отбасы дереу ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, егер оларға көмек кішкене кешiккенде, ешкімді құтқару мүмкін болмас еді. Қазір  құтқарылған отбасының барлық мүшелерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.