Атыраудың теміржол компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Атыраудың теміржол компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды
2,417
оқылды
Атырау облысында «РТИ-АМӨЗ» ЖШС-ға айыппұл салынды. Оған монополиялық ережені теріс пайдаланды және негізсіз жоғары баға белгіледі деген айып тағылды. Атырау облысы бойынша департаменті Атырау көлік прокуратурасымен бірлесіп жүргізген тексеру барысында «РТИ-АМӨЗ» ЖШС іс-әрекеттерінен бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу фактісін тіркеді. Атап айтқанда, монополиялық жоғары бағаларды белгілеу және монополиялық ережені теріс пайдалану сипатында заңбұзушылықтар орын алған.
«Атырау көлік прокуратурасының ұсынысы негізінде департамент «РТИ-АМӨЗ» ЖШС-не қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады», – делінген БҚДА хабарламасында.
Істі қарау қорытындысы бойынша Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен «РТИ-АМӨЗ» ЖШС жалпы сомасы 485 млн теңгеге әкімшілік жаза қолданылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ол мемлекет пайдасына толық көлемде төленді.