Жанель Мақажан өзінің жүкті екенін жеткізу үшін күйеуіне ерекше тосынсый әзірледі
Жанель Мақажан өзінің жүкті екенін жеткізу үшін күйеуіне ерекше тосынсый әзірледі
“Құрметті достар, сүйінші хабарымызбен бөліскіміз келіп отыр. Бір жарым жыл дұға етіп, күткен Алланың сыйы бізге нәсіп етілді, шүкір! Бізге тілекші болған әрбір жанға алғыс айтамыз! Бала сүйгісі келетін әрбір жан, шын жүректен сіздерге де жұғысты болуын тілейміз”, – деді Жанель Мақажан.
Ерлі-зайыптылар бұл сәбиді ұзақ күткенін жасырмады.
“Біз лайықсыз болғандықтан ба немесе әлденені дұрыс жасамағандықтан болар, балалы бола алмай жүрміз деп ойлайтынбыз. Мен үздіксіз тіледім. Тағы бір үлкен арманым орындалды”, – деді  актрисаның күйеуі қуанышын жасыра алмай. “Әбекенің үш үлкен арманы орындалды. Біріншісі – қажылыққа бару, екіншісі – менің орамалға келуім және сәби сүю”, – дейді Жанель эмоцияға беріліп.
Желі қолданушылары болса жұбайлардың қуанышты жаңалығымен жарыса құттықтап жазып жатыр.