«Сотталушылар 2022 жылы тамызда Қазақстанға Каспий теңізінің акваториясы арқылы 10 келі апиын мен 8 келі гашиш әкелмек болған әрекеттері үстінде ұсталды. Шетелдің азаматтары мемлекеттік шекараны кіші көлемді қайықпен заңсыз кесіп өткен. Қылмыскерлер қолданған қайық жеңіл әрі жылдам қозғалатындықтан оны радиолокациялық құралдармен анықтау қиындық тудырған. Есірткі көзге түсу қаупі төмен, яғни түн мезгілінде тасымалданған. Қылмыскерлер навигация үшін GPS және спутниктік байланыс құралдарын пайдаланған», – делінген ҰҚК хабарламасында.Сот барысында сотталушылардың кінәсі қылмыстық іс материалдарымен толық дәлелденді. Есірткі бизнесіне қарсы күрес жұмысы жалғасып жатыр.
ҰҚК Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдаған шетелдіктерді ұстады

1,260
оқылды
оқылды