Әлімханұлы Канеломен айқасу үшін жоғары cалмаққа өтетінін мәлімдеді
Әлімханұлы Канеломен айқасу үшін жоғары cалмаққа өтетінін мәлімдеді
820
оқылды
Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) екінші орта дивизионға көтеріліп, мексикалық Сауль Канело Альвареске (58-2-2, 39 КО) қарсылас болуға дайын екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Vesti.kz Қазақ боксшы 2023 жылы үлкен айқастар өткізе алмаса, осындай қадамға баратынын твиттер желісінде жазды. "Биыл үлкен жекпе-жектер ұйымдастыруға тырысамын. Ал егер маған ондай мүмкіндік бермесе, 2024 жылы 168 фунтта Канелоға міндетті қарсылас боламын. Мұның мүмкін екенін бәрі біледі. Иншалла, келесі жылы екі салмақта чемпион атанамын!" – деп жазыпты Жәнібек.