«АМАNАТ» партиясымен  бірге жарқын болашаққа қадам басамыз!
«АМАNАТ»  партиясымен  бірге жарқын болашаққа қадам басамыз!
263
оқылды
«АМАNАТ» партиясының үгіт-насихат тобы партиялық тізім бойынша облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Бейбіт Жүсіпов пен Руслан Шәмкенов   Ақмола облысы  Целиноград ауданы Софиевка және Приречное ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізіп, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.  Үміткерлер жиналғандарды партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, ауыл шаруашылығы саласы мен «Ауыл аманаты» жобасына кеңінен тоқталды. Мәселен, 2027 жылға қарай «Жер аманаты» жобасы аясында партиялықтар 1 миллион гектардан астам ауыл шаруашылығы алқаптарын айналымға тартуды қамтамасыз етуді, заманауи ылғал енгізу арқылы 12,2 мың гектар суармалы жерді қосымша енгізу шараларын қабылдауды жоспарлап отыр. Сондай ақ   15 тауарлы сүт фермасын,   ет өндіруді 5%-ға арттыруға мүмкіндік беретін 202 ет фермасын енгізуді қолдау партияның негізгі басымдықтары болмақ. Барлық күш облыстың ауыл шаруашылығы саласын қолдау мен дамытуға және ауыл еңбеккерлерінің табысын одан әрі арттыруға бағытталатын болады. «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту мәселесі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді қолдау арқылы шешілетінін айтты үміткерлер. Сонымен қатар  партия мүшелері партия бағдарламасында бағаны тұрақтандыруға үлкен мән беретінін жеткізді.
 «Осының барлығы ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға, ішкі азық-түлік нарығының тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуіне, негізгі азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқынының төмендеуіне ықпал етеді. Біз сайлауалды бағдарламаның орындалуына қатаң партиялық және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ететін боламыз. Біз бірлесе отырып, алға қойған барлық мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға сенімдіміз»,  – деді спикерлер.
Облыстық Білім басқармасының басшысы қызметін атқарып жүрген үміткер Бейбіт Жүсіпов бағдарламада көрсетілген білім және денсаулық сақтау салаларына кеңінен тоқталды. Үміткер сапалы білім алуға жағдай жасау қажеттігін айтты. Мәселен, балабақшаларды көбейту, оқушылар орнының тапшылығы мен үш ауысымды мектептер мәселесі, оқушыларға қауіпсіз әрі жайлы жағдай жасау мәселелерінің шешімін табу – партияның негізгі басымдығы. Осы мақсатта партия өзінің сайлауалды бағдарламасында балабақшалар мен шағын орталықтардың санын көбейтуге, бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен, ал мектептерді сапалы интернетпен қамтамасыз етуге, жаңа мектептер салуға, бұрыннан барларын күрделі жөндеуден өткізуге үлкен көңіл бөлуде. Сайлауалды бағдарламаның тағы бір маңызды тұсы – қолжетімді сапалы дәрі-дәрмек. Партия медициналық кадрлар тапшылығын шешуге, жаңа денсаулық сақтау нысандарын салуға, қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге және медицина қызметкерлерінің мүдделерін қорғауға, ерте кезеңде көптеген ауруды анықтауға мүмкіндік беретін скринингтік зерттеулердің санын арттыруға көмектесетін бірқатар шараны алға қойып отыр. "Спикерлер жиналғандарды дұрыс таңдау жасап, «АМАNАТ» партиясының кандидаттарын қолдауға шақырды, өйткені бұл партия қоғам мен мемлекет игілігі үшін жұмыс істейді", –  деді сөз соңында олар.
«АМАNАТ»  партиясының  сайлауалды бағдарламасы – әрбір азаматтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты іс-шаралар бағдарламасы! Сіздерді «АМАNАТ»  партиясымен бірге сайлау учаскелеріне келіп, Жаңа Қазақстан мен жарқын болашақ үшін дауыс беруге шақырамыз!», – деп сөзін  қорытындылады үміткерлер.
Ақмола облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «АМАNАТ» партиясының Сайлау қоры қаражатынан  төленеді.