Атырауда батпаққа батқан баланы құтқарды
Атырауда батпаққа батқан баланы құтқарды
1,048
оқылды
Атырауда батпаққа белшесінен батқан жасөспірімді құтқарушылар алып шықты, – деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, Самал ықшам ауданында көшелердің бірінің бойында батпақты жерге 1 бала батып, өздігінен шыға алмай қалған. Оқиға орнына дереу жеткен ТЖД қызметкерлері 2008 жылы туған жасөспірімнің жылқымен келе жатып, сай жерде батпаққа батқанын анықтады. Құтқарушылар шұғыл әрекет етіп, өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісінің орынбасары азаматтық қорғау капитаны А. Құмар арнайы құтқару арқанының қөмегімен жасөспірімді батпақтан тартып шығарды.