"Ауыл партиясы" Астанадағы әйелдер қауымын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтады
"Ауыл партиясы" Астанадағы әйелдер қауымын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтады
205
оқылды
Елорда орталығында «Ауыл»партиясының азаматтары, аталған партияның белсенділері «Қазақ аналары дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен бірлесіп, Астанадағы әйелдер қауымын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтады.
Іс-шара барысында Есіл өзенінен өтетін жаяу жүргіншілер көпірінде «Ауыл» партиясының ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар тұрғындарға үгіт-насихат материалдарын таратып, сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын түсіндірді. Ал актриса, қоғам қайраткері Айнұр Жүгінісова бастаған «Қазақ аналары дәстүрге жол» бірлестігінің өкілдері аяулы қыз-келіншектерге мерекелік әндерін тарту етті.
Сондай-ақ, кандидаттар және партия белсенділері аруларға денсаулық, бақыт, табыс тілеп, жүздеріне күлкі, көңілдеріне қуаныш сыйлады.