ҰҚК: Жалған доллар сатпақ болған күдікті ұсталды
ҰҚК: Жалған доллар сатпақ болған күдікті ұсталды
Фото: gov.kz
668
оқылды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысының аумағында қарудың және жалған шетел валютасының заңсыз айналымының жолын кесуге бағытталған арнайы операция өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Қару мен жалған АҚШ долларын сатудың жасырын арнасы жұмысын жолға қойған қылмыстық іс-әрекеттің ұйымдастырушысы ұсталды. Операция алдында ұзақ уақыт жедел зерделеу жұмысы жүргізіліп, қару, оқ-дәрі, жалған банкноттарды тасымалдау дерегі анықталды.    width= Күдіктілер сақтық үшін жасырынған. Заманауи техникалық байланыс құралдарын қолданған. Сондықтан олардың қылмысын әшкерелеу де қиын болған. Күдіктінің заңға қайшы іс-әрекеті елдің қоғамдық-экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндірген. Жедел тексерудің нәтижесінде, қылмыстық бизнес жойылды. Заңсыз айналымнан 4 бірлік қару: Калашников автоматының жетілдірілген түрлері, тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтықтар, 450-ден астам оқ-дәрі және аса ірі көлемде жалған АҚШ доллары алынды. Ұсталған адам қылмысын мойындады. ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес, 2 айға тергеу изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.