«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамын жаңаша атап өту және оның маңыздылығын арттыру жөнінде арнайы тапсырма берген болатын. Осыған байланысты Наурыз мейрамын мерекелеудің жаңа тұжырымдамасы дайындалған болатын. Оның басым бағыттарының бірі – бұқаралық іс-шаралар мен спорттық ойындар ұйымдастыру. Бүгінгі үстел теннисінен ЖОО командалары арасындағы республикалық чемпионат осы Тұжырымдама аясында өткізіліп отыр. Шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау», – деді университет проректоры.Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынға Сүлейман Демирель университетінің командасы ие болды. Екінші орынды Narxoz университетінің командасы жеңіп алса, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің командасы үшінші орынды місе тұтты. Жарыс жеңімпаздарына арнайы диплом мен чемпионат кубогы табыс етілді.
Алматы