Нөсер жаңбырдың жаууына байланысты 12-14 наурыз аралығында Алматы қаласы, Алматы, Жетісу және Жамбыл облыстарындағы өзен суының деңгейі көтерілуі күтілуде, – деп хабарлайды "Қазгидромет".
Сонымен қатар Шығыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында қар аралас жауын-шашын түсуіне, ауа температурасының көтерілуіне байланысты қар тез еріп, еріген және ағынды судың көтерілуі, мұз жұқарып, өзен суларының көтерілуі болжанып отыр. Аталған өңірлерде су тасқыны болуы мүмкін.
12-14 наурыз аралығында Абай (Бородулиха, Бесқарағай, Аягөз, Ақсуат аудандарында), Ұлытау және Қарағанды облыстарында су тасқыны болуы ықтимал.