Мәдениет саласының мамандары жалақы мәселесін көтерді
Мәдениет саласының мамандары жалақы мәселесін көтерді
Бүгін Астана қалалық мәслихат депутаттығына «AMANAT»-тың партиялық тізімі бойынша ұсынылған Ерлан Дәкенов мәдениет саласының мамандарымен кездесіп, сайлауалды бағдарламаны таныстырды. Мәдениет саласының майталмандары жалақының аздығы, баспана мәселесін көтерді. Ерлан Дәкенов еліміздегі атқарылып жатқан ауқымды шаралардың жүзеге асырылуы, ондағы «AMANAT» партиясының қай сала болсын ықпал етіп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін атқарып отырған жұмыстары, партияның атқарған жұмыстарына тоқталды. «Бүгінгі таңда партия жұмысының бағдарланған мақсаты: ел мен қоғамды саяси, экономикалық, мәдени, технологиялық және рухани тұрғыда қайта құру. Дәл осы құндылықтар біздің бірлескен күш-жігеріміз бен сындарлы қарым-қатынасымыздың негізіне айналады. Біз қаламыздың одан әрі гүлденуі үшін азаматтармен, сондай-ақ қоғамдық-саяси ұйымдармен ынтымақтастық және идея алмасуға дайынбыз. Мәдениет саласының қызметкерлерін толғандыратын басты сұрақ – жалақының аздығы.  Сонымен қатар жас мамандарды жұмысқа тарту қиын, даярланған, тісқақты мамандар басқа салаға ауысып, жайы келсе шетел асуда. Сұраныс азайғандықтан, ЖОО-да мамандық бағыты қысқарған, режиссерлер мен композиторлардың да қатары азайған», – деді Е.Дәкенов.  width= Кандидат сайлаушылардың ұсыныстары мен көтерілген мәселелерді биліктегілерге жеткізуге уәде берді. Мәдениет пен өнер саласының өкілдері көптен бері айтылып жүрген мәселенің нақты шешу тетіктері ертерек әзірленсе екен дейді. Астана қаласы мәслихатының депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының Сайлау қорының қаражатынан төленді