Жер қатынастары жүйеленбек
Жер қатынастары жүйеленбек
358
оқылды
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 2023 жылғы 15 және 16 наурыз күндері өтетін Сенат отырыс­тарының күн тәртібін бекітті. Алдағы Палата отырысында сенаторлар «Қазақстан Респуб­ликасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлік­тің бірыңғай мемлекеттік кадастры шеңберінде мемлекеттік көрсе­тілетін қызметтерді цифрландыру мәселелері бойын­ша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқы­лымда қарайды. Аталған заң жобасы азаматтарға жер қатынастары саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ци­фр­ландыру арқылы жер беруді оңтайлан­дыруды, олардың ашықтығын қам­тамасыз етуді және сапасын жақсартуды көздейді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексі­нің жобасы және «Қазақ­стан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қам­сыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» заң жобасы қара­лады. Кодекс жобасының мақсаты – нор­мативтік-құқықтық акті­лерді бірыңғай заңнамалық актіге біріктіру арқылы ұлттық заң­наманы жетілдіру. Құжатта көрсетілген нормалар азаматтардың әл-ауқатын арт­тыруға, сондай-ақ жүйені әлеуметтік тәуекелдердің алдын алуға қайта бағдарлауға арналған. Ілеспе заң жобасын қабылдау еңбек нарығының тұрақтылығы саласын­дағы саясаттың тиімді өзара іс-қимылы мен дамуына, халықты жұмыспен қамту шараларының ашықтығы мен атаулылығын арттыруға ықпал етеді. Бюро мүшелері «Әкімшілік құқық­бұзушылық туралы Қазақ­стан Респуб­ликасының Кодексіне өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын да Палата отырысында қарауды ұйғарды. Бұл құжат әлеу­меттік саладағы нормативтік-құқықтық базаны өзектендіру және реформалау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкім­шілік құқықбұзушылық туралы кодексін Әлеу­меттік кодекстің жобасына сәйкес келтіру үшін әзірленген. Одан бөлек, депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне процестік заңнаманы жетілдіру және сот жүйесін реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» заң жобасын, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судья­ларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» Конституциялық заң жобасын қарайды. Бұл заң жобалары 15 наурыз күні бола­тын отырыста қаралады. Сонымен бірге сенаторлар 16 наурызда өтетін Палата отырысында «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасын, «Қазақстан Республикасының кейбір кон­сти­туциялық заңдарына Қазақстан Респуб­ликасының әкімшілік реформасы мәселе­лері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» Конституциялық заң жобасын, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік реформасы мәселелері бойынша өз­ге­ріс­тер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Рес­публикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан–Өзбекстан мемле­кеттік шекарасын шегендеу туралы шартты ратификациялау туралы» және «Еуразия даму банкінің төленген жарғылық капи­талындағы Ресей Федерациясы үлесінің бір бөлігін сатып алу және сату туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы келісімді ратификациялау туралы» заң жобаларын қарайды. Бұдан басқа, Бюро отырысында Сенат­тың Парламент функ­ция­ларын орындауына байланысты Үкіметтен келіп түскен заң жобалары жұмыс үшін Палатаның тұрақты Комитеттеріне бөлініп берілді.