«AMANAT» партиясының кандидаттары клиника қызметкерлерімен кездесті
«AMANAT» партиясының кандидаттары клиника қызметкерлерімен кездесті
393
оқылды
Бүгін Астана қаласы мәслихатының депутаттығына «AMANAT»-тың партиялық тізімі бойынша ұсынылған Гүлжамал Жапарова мен Ардақ Оторбаев «Zein» эндохирургия клиникасының ұжымымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. «Тұран-Астана» университетінің ректоры Гүлжамал Жапарова бұған дейін қалалық мәслихаттың жетінші шақырылымының депутаты болған, сондай-ақ заңдылық, құқық қорғау және қоғаммен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі міндетін атқарған. Үміткер кездесуге келгендерге мәслихат жұмысы өзіне жақсы таныс екенін, алдағы сайлауда тағы да депутат болып сайлана қалған жағдайда ел мүддесіне қызмет ететінін жеткізді. «ДОС» тәуелсіз өмір орталығы» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Ардақ Оторбаев та көпшілікке жақсы таныс. Арбадағы спорттық би бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері 2012-2016 жылдары елордадағы Сарыарқа ауданы әкімінің кеңесшісі болды, «Қазақстан» телеарнасында әлеуметтік бағдарлама жүргізген.  width=
«Әлбетте, мүгедектігі бар жандардың қоғамда еркін жүріп-тұруына, жұмыс істеп, уақытын қызықты өткізуіне жағдай жасалған десек, артық айтқандық болар. Әйтсе де мемлекет тарапынан барлық мекеме-ұйымдардың, қызмет көрсету орындарының, қоғамдық көліктердің мүгедектігі бар жандардың жүріп-тұруына ыңғайлы болуы үшін біршама жұмыстар атқарылып жатыр», – деді Ардақ Оторбаев.
Үміткер мәслихат депутаты болып сайлана қалған жағдайда бірінші кезекте халықтың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін көтеретінін, елорданың мүгедектігі бар жандарға ыңғайлы қала болуы үшін еңбек ететінін жеткізді. Ардақ Оторбаев бұған дейін де сөздің емес, істің адамы екенін талай дәлелдеген. Ол мүгедектер сауықтыру техникасының бас конструктор-әзірлеушісі, «Инва-СТО» мүгедектер техникасын сервистік жөндеу және техникалық қызмет көрсету» жобасының жетекшісі болды. Осы еңбегімен-ақ алғысқа бөленген. Ерен еңбегі үшін «Енбек Ері» медалімен де марапатталған. Ол енді Астана қалалық мәслихатының депутаты ретінде халыққа қызмет етуге дайын екенін жеткізді.

Астана қаласы мәслихатының депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.