Негізсіз қудалауға жол жоқ
Негізсіз қудалауға жол жоқ
464
оқылды
Мемлекет басшысы Әділет министрі Азамат Есқараевты қабылдады. Президентке әділет органдары қызметінің нәтижелері және алдағы кезеңге арналған жос­пары туралы есеп беріліп, реформа жүргізілетін бағыттар таныстырылды. Министр Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерді тексерудің аяқталғанын мәлімдеді. Осы ретте 1000-нан астам бап пен 1200 ұсынысқа талдау жүргізілді. Нәтижесінде, азаматтар мен кәсіпкерлер құқықтарының қорғалуын кү­шейту мәселелерін ескеретін және бизнесті негізсіз қылмыстық қудалауға жол бермейтін тиісті заң жобасы әзірленді. Азамат Есқараевтың айтуынша, заңнаманың сапасын арттыру үшін кешенді шаралар қабыл­данып жатыр. Атап айтқанда, заң жобасы қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комис­сияның жұмысын жандандыру, ғалымдарды кеңі­нен тарта отырып, заңнаманың тұрақтылығын қам­тамасыз ету, реформаларды ақпараттық тұр­ғы­да қолдауды күшейту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру көзделген. Сонымен қатар Президент Әділет министр­лі­гі­не қарасты мәселелер мен көрсетілетін мем­ле­кет­­тік қызметтерді автоматтандыру және цифр­лан­­­дыру шараларын қамтитын 12 жобамен та­нысты. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ми­нистрлікке жүктелген міндеттердің сапалы іске асырылуының маңыздылығына назар аударып, заңнаманы одан әрі жетілдіруге және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.