Елдің тағдыры сіздің дауысыңызға байланысты!
Елдің тағдыры сіздің дауысыңызға байланысты!
589
оқылды
19 наурызда Қазақстан тұрғындары Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлайды. Дауыс беру Конституцияға енгізілген өзгерістер бойынша референдумнан кейін қабылданған жаңа ережелер бойынша өтеді. 2004 жылдан бері алғаш рет депутаттарды аралас жүйе бойынша сайлайтын болады.  Қазақстандықтар партиялық қана емес, тәуелсіз кандидаттар үшін де дауыс бере алады. Мәжіліс пен мәслихат сайлауында елорда тұрғындары түрлі-түсті 4 бюллетень алады. Бланкілер әр түсті болады. Мәжіліс депутаттарын партиялық тізімдер бойынша таңдау үшін – көк, ал бір мандатты округтер бойынша – жасыл. Қалалық мәслихатқа дауыс беру үшін күлгін және қызғылт сары түсті бюллетеньдер. Сонымен қатар әр бюллетеньде «барлығына қарсы» деген баған болады. Сайлау –  азаматтық белсенділіктің бір түрі, ол саяси ғана емес, сонымен бірге халықтың мәдени санасының деңгейін де көрсетеді. Болашағыңызды кейінге қалдырмаңыз, азаматтық ұстанымыңызды көрсетіп, 19 наурызда сайлауға келіңіз! Елдің тағдыры сіздің дауысыңызға байланысты!