50-ден астам үй су астында қалды: екі облыста жағдай қиындады
50-ден астам үй су астында қалды: екі облыста жағдай қиындады
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
1,069
оқылды
Бүгінде Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында жағдай күрделеніп отыр. Қазір 50-ден астам тұрғын үй су астында қалды. ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың күшімен алдын ала 240-тан астам адам эвакуацияланды, оның 20-дан астамы уақытша эвакуациялау пункттеріне орналастырылды, қалғандары туыстарына кетті. 700-ден астам мал қауіпсіз жерлерге айдалды.
«Бәйтерек, Тасқала, Теректі, Қаратөбе, Шыңғырлау, Сырым, Бөрлі аудандарында су тасқыны қаупі бар елді мекендерге, өзендер мен көлдерге тәулік бойы мониторинг жүргізу жалғасуда. Жалпы, су тасқынына дайындық және оған қарсы күрес кезеңінде 15 мыңнан астам қапқа инертті материалдар салынып төселді, шамамен 300 мың текше метр су сорылды, 300 мыңнан астам текше метр қар шығарылды, 5 мыңнан астам ойық бұрғыланды, 65 мың шаршы метр мұз кесілді», – делінген ТЖМ хабарламасында.
 width= Су тасқыны қаупі бар аймақта тұратын тұрғындар арасында су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік және жүріс-тұрыс шаралары туралы ақпараттық жаднамалар таратылды. Төтенше жағдайлар мен оқиғалар қаупі туралы халықты ескерту мақсатында азаматтардың ұялы телефондарына дауылды ескерту туралы СМС-хабарламалар жіберіледі.
«Орал қаласы, Шыңғырлау, Бөрлі және Бәйтерек аудандары әкімдерінің шешімімен жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар жарияланды. Республикалық және облыстық жедел штабтар жұмыс істейді, оған «ҚазАвтоЖол» және «ҚазСуШар» өкілдері де кірді. Облыстық және республикалық штаб базасында жедел желі телефоны ашылды (бір тәулікте ақпараттық сипаттағы 109 қоңырау түсті)», – дейді төтеншеліктер.
 width= Авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге Атырау және Маңғыстау облыстарынан қосымша тартылған ТЖМ күштері мен құралдарын қоса алғанда, ТЖМ құтқару бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың, ІІМ, ҚМ жеке құрамынан 1 000-нан астам адам жұмылдырылды. Жедел жұмыстарда 400-ден астам техника және 200-ден астам су айдау құралдары қолданылады. Су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр.  width=