Ерлан Қошанов Маңғыстау облысында Амал мерекесіне қатысты
Ерлан Қошанов Маңғыстау облысында Амал мерекесіне қатысты
697
оқылды
 «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов Маңғыстау облысында Амал мерекесіне қатысты. «Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінің алаңында 10 мыңнан астам адамның қатысуымен Амал мерекесі атап өтілді. «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов жиналғандарды мерекемен құттықтап, Амалға арнайы шақырғандары үшін ризашылығын білдірді.  width=
«Амалды жаңарудың, жаңғырудың айы дейміз. Мемлекет басшысы былтырғы тарихи Жолдауын да дәл осы амал күндері жария еткен болатын. Ендеше, еліміздегі саяси жаңғыру мен оң өзгерістер сол қасиетті күннен бастау алды десек те болады. Биылғы амалдың да мәні зор. Біз тек қыстан ғана аман шықпадық, елдің ертеңі сынға түскен қыспақтан да аман шықтық», деді Ерлан Қошанов.
«АМАNАТ» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен еліміздің сайлау, партия және сот-құқықтық жүйелерінде түбегейлі жаңартулар болғанына, әкімшілік-аумақтық құрылым қайта қаралғанына тоқталды. Мұның бәрін қазақстандықтар жалпыхалықтық референдумда кеңінен қолдаған болатын.
«Бұл – өкпе-ренішті ұмытып, емен-жарқын қауышатын, мейірім мен ізгілік салтанат құратын уақыт. Бірлік пен татулықтың бастауы. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз баянды болғай. Еліміз аман, тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын», деп атап өтті Ерлан Қошанов.
 width= «AMANAT» партиясының Төрағасы жиналған жұртшылықты елдегі саяси жаңғырту ісіне белсенді атсалысуға және 19 наурызда өтетін сайлауға қатысуға шақырды. Мерекеге орай 50-ге жуық киіз үй тігіліп, меймандарға ұлттық тағамдар ұсынылды. Жиналғандар концерттік бағдарламадан бөлек, ат спорты ойындарын, балуандар күресін және басқа да ұлттық спорт түрлерін тамашалады.