Ақтөбе облысында әлеуметтік тұрғын үйлер салынады
Ақтөбе облысында әлеуметтік тұрғын үйлер салынады
346
оқылды
Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттығына үміткерлер Жеңіскүл Мұхамбетпайызова, Жұлдыз Қожабекова Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары ауылшаруашылық колледжінің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесуде «АМАNАТ» сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндірді. Үміткерлер денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік салалар қалай жаңғыртылатынын айтты. Барлық қайта құрулар облыс тұрғындарының өмір сүруіне жайлы жағдай жасауға бағытталған. Облыста 4,5 мың көпбалалы және 14,4 мың әлеуметтік осал отбасы баспана кезегінде тұр. Оларды пәтермен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік тұрғын үйлер салынады. Алдағы бес жыл ішінде 4,2 млн. шаршы метр тұрғын үй салынады. Кем дегенде 500 пәтер халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі.  width= – «АМАNАТ» партиясы әлеуметтік тұрғын үй құрылысы мен инженерлік инфрақұрылымды дамытуға ықпал етеді. 21,5 мың жеке тұрғын үй құрылысына коммуникациялар жүргізу жоспарлануда. Сондай-ақ, өңірдегі 60 ауыл газбен, 25 ауыл ауызсумен қамтылады. Интернет желісі 102 елді мекенге орнатылады. Ұялы байланыс республикалық маңызы бар автокөлік жолдарында да жұмыс істейтін болады. Партия алдымызға ауқымды міндеттер қойып, оның орындалуына қол жеткізеді, – дей келе Жұлдыз Қожабекова ұстаздарды нақты мүмкіндіктер партиясына дауыс беруге шақырды. Жеңіскүл Мұхамбетпайызова өз сөзінде жастарға қандай қолдау көрсетілетінін жеткізді. Оның айтуынша, облыста 170,7 мың жас тұрады. «АМАNАТ» партисы жастарды жұмыспен қамтуға, олардың тұрғын үй мәселесін шешуге, сондай-ақ азаматтық белсенділігін арттыруға ықпал етеді.
– Дуальды оқыту жүйесі студенттердің жұмысқа орналасуына зор мүмкіндік береді.  Ол көптеген колледждерде қолданылады. Бұл студенттердің  қолына диплом алмай-ақ, өз мамандығы бойынша жұмыс табуына өз көмегін тигізеді. Партия өз бағдарламасында білім сапасын арттыруды көздейді. Ол үшін білім ошақтары заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталып, ауылдарға баса назар аударылады. Студенттер жатақханалары салынады. Соның бірі — Ақтөбеде 500 орындық жатақхананың салынуы. Жастардың белсенділігін арттыру үшін еріктілер қозғалысы жасақталады. Осылайша еріктілер саны 2,7 мың адамға дейін артады, – деді Жеңіскүл Мұхамбетпайызова.
 width= Депутаттыққа үміткерлер ұстаздарға облыс орталығы қалай дамитынын, азаматтардың әлеуметтік санатына қандай көмек көрсетілетінін түсіндірді. Алға қойылған барлық міндеттердің орындалуын «АМАNАТ» партиясы бақылауға алатынын жеткізді. Үміткерлер жиналғандарды партияны қолдап, сайлауда бірауыздан дауыс беруге шақырды. Ақтөбе облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді.