Ақтөбе облысында жыл сайын 3,5 мың жұмыссыз оқытылады
Ақтөбе облысында жыл сайын 3,5 мың жұмыссыз оқытылады
369
оқылды
 «AMANAT» партиясынан Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер Айгүл Нұркеева «Aqtobe su-energy group» АҚ ұжымымен кездесті. Айгүл Нұркеева ақтөбеліктердің өмір сүруіне жақсы жағдай жасау үшін партияның атқаратын шараларына тоқтала келе, партияның басым бағыттарының бірі сапалы жұмыс орындарын құру екенін атап өтті.
– Осы мақсатта партия жыл сайын кемінде 300 кәсіпкерлік субъектісіне қаржылық қолдау көрсетіп, бос орындарға жыл сайын кемінде 22 мың адамды жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін болады. Сондай-ақ кемінде 3,5 мың жұмыссыз білім беру ұйымдарында және жұмыс берушілердің жұмыс орындарында оқытылатын болады, – деді ол.
 width= Үміткер ақтөбеліктердің өмір сүру сапасын жақсарту үшін партия тарапынан қандай шаралар қолға алынатынын егжей-тегжейлі айтып берді.
– «АМАNАТ» партиясы кадр тапшылығы мен мамандарды даярлау сапасы, балабақшалардың, мектептердің, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының, спорт және мәдениет нысандарының болуын қадағалап, оларды заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелерін шешеді, – деді ол.
 width= Айгүл Нұркееваның айтуынша, «АМАNАТ» партиясы алдағы 5 жылда әлеуметтік тұрғын үй құрылысына, инженерлік инфрақұрылымды дамытуға ықпал етіп, азаматтардың баспаналы болуына мүмкіндік туғызады. – Ол үшін облыста 4,2 миллион шаршы метр тұрғын үй салынып,  халықтың әлеуметтік осал топтарына кемінде 500 және одан да көп пәтер беру шаралары қабылданады. Сондай-ақ, «АМАNАТ» партиясы бұзылған жолдар, сапасыз жөндеу жұмыстары, ұзақ уақытқа созылатын жол салу мен осы саладағы сыбайлас жемқорлықтың жойылуына  күш салады, – деді үміткер. Кездесу соңында үміткер кәсіпорын ұжымын сайлауға белсене қатысып, «АМАNАТ» партиясы мен оның үміткерлеріне дауыс беруге шақырды. Кәсіпорын қызметкерлері партияның сайлауалды бағдарламасын бірауыздан қолдап, үміткерге алдағы сайлауда сәттілік тіледі.

Ақтөбе облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында

партиялық тізімді ұсынған «АМАNАТ» партиясы Сайлау

қорының қаражатынан төленді