Мемлекет басшысының өкімімен Марат Кенжеғалиұлы Әшім Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының өкімімен Дмитрий Леонидович Михно Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің бастығы лауазымынан босатылды.
Марат Әшім 1987 жылғы 13 мамырда дүниеге келген.
2004-2010 жж. – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде оқыған. Мамандығы – Халықаралық құқық бакалавры; Экономика және бизнес бакалавры.
2010 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтын тәмамдаған.
Еңбек өтілі:
2008-2009 жж. – «Қазақстан қаржы корпорациясы – сервис» ЖШС заңгері.
2009 жылдың мамыры мен қыркүйегі аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Әкімшілік және бақылау департаменті Кадрлар департаментінің атташесі.
2010 жылы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік хаттама қызметінің үшінші хатшысы.
2012-2013 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Президентінің Хаттамасының референті.
2013-2014 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Президентінің Хаттамасының сарапшысы.
2014-2015 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Президентінің Хаттамасының консультанты.
2015-2017 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Президентінің Хаттама инспекторы
2017-2018 жж – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Президентінің Хаттама секторының меңгерушісі.
2018-2023 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің Хаттама меңгерушісінің орынбасары.
2023 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Хаттама қызметінің басшысы болып тағайындалды.