«AMANAT»-тың сайлауалды штабы Батыс Қазақстан облысында сайлаушылармен жүздесті
«AMANAT»-тың сайлауалды штабы Батыс Қазақстан облысында сайлаушылармен жүздесті
418
оқылды
«AMANAT» партиясының республикалық сайлауалды штабының мүшелері Батыс Қазақстан облысында кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен, педагогтермен, ауыл тұрғындарымен кездесті. Орал қаласында РПШ мүшелері өңірдегі этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен жүздесіп, партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын талқылады. Мәжіліс депутаттығына кандидат Бақтықожа Ізмұхамбетов атап өткендей, кез келген ел дамуының негізгі шарты – қоғамдағы бейбітшілік пен келісім.  width=
«Біз жалпыұлттық ауызбіршілікті нығайтуға, дәстүрлі моральдық қағидаларды сақтауға, барлық көзқарасты түсінуге және құрметтеуге тиіспіз. Мемлекеттің тұтастығы мен бекем бірлігі – негізгі басымдық», – деді ол.
Бұдан соң штаб мүшелері полипропилен құбырын шығаратын зауыттың ұжымымен кездесті. Партиялықтар сайлауалды бағдарламадағы еңбек адамын қолдауға және өндірістердегі қауіпсіздікті арттыруға бағытталған шаралар туралы айтты
«Партия машина жасау, металлургия, тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларында сапалы, жақсы жалақы төленетін жұмыс орындары бар жүздеген жаңа кәсіпорын ашуға ұмтылады. Біз өңдеуші өнеркәсіпке инвестициялық ресурстар келуі үшін ынталандыру шараларын жасауды талап етеміз. Жалпы облыста 2027 жылдың соңына дейін кемінде 60 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда», – деп атап өтті Мәжіліс депутаттығына кандидат Павел Казанцев.
 width= Осы күні штаб мүшелері Бәйтерек ауданының жұртшылығымен сайлауалды бағдарламаның басымдықтарын талқылады. Іс-шараға 100-ден астам адам қатысты. Аудан тұрғындары тұрғын үй салу, сумен жабдықтау, білім беру мен медициналық қызметтердің қолжетімділігі мәселелерін көтерді.