Ертең барлық білім ордасында бір мезгілде күй шертіледі
Ертең барлық білім ордасында бір мезгілде күй шертіледі
Фото: phonoteka.org
780
оқылды
17 наурызда Қазақстанда оқу орындарында күй шертеді, – деп хабарлайды Аikyn.kz.     Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Аман Сейтов хабарлады. Рухани іс-шараның мақсаты – жас ұрпақты ұлттық рух пен отансүйгіштікке тәрбиелеу, балалар арасында ұлттық музыкалық аспаптарды насихаттау.
«Домбырашылар челленджінің міндеті – домбыраны дәріптеу. Оған барлық ниет білдірушілер қатыса алады. Мұндай челлендж оқушылар арасында алғаш рет өткізіліп отыр. Осы жұма күні еліміздің барлық білім беру ұйымдарында бір уақытта домбыраның қоңыр үні күмбірлейді», –  дейді Аман Сейтов.
Бұған дейін Мың оқушының бір мезгілде күй шерткені туралы жазған болатынбыз.