Шығыс Қазақстанда өртенген үйден 3 адамның мәйіті табылды
Шығыс Қазақстанда өртенген үйден 3 адамның мәйіті табылды
Фото: ТЖД-нен алынды
567
оқылды
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында өртенген үйден 3 адамның мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 15 наурызда Жаңа Бұқтырма кентінде болған. Өрт сөндірушілерге хабарласқан куәгерлер бесқабатты үйдің 4-қабатындағы пәтер өртеніп жатқанын айтты. Олар оқиға орнына жеткен кезде төргі бөлмеде жиһаз, кілем мен ағаш еден жанып жатқан. Барлау барысында жатын бөлмеден 1973 және 1975 жылғы ер адам мен 1977 жылы туған әйелдің мәйіті табылды. Өлімнің себебі әлі анықталмады. Сараптама тағайындалды. Жалпы, 4 шаршы метрді шарпыған өртті 2 техниканың көмегімен 4 адам сөндірді.