«AMANAT» партиясы БҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында тиісті жұмыстардың сапалы жүргізілуін жіті бақылауға алады. Білім беру нысандарының бейімделуін екі есеге, яғни 35 пайыздан 70 пайызға дейін арттыру көзделген. Орал қаласында ерекше қабілеттілігі бар адамдарға арналған 150 орындық оңалту орталығы салынады. Сонымен қатар бір психологиялық-педагогикалық түзету мекемесі ашылмақ. «Кедергісіз келешек» жобасы шеңберінде мүгедектердің мәселелерін шешуге бағытталған 500-ден астам іс-шара өткізіледі. 5 жыл ішінде әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының 1 800 нысаны бейімделіп, ерекше қажеттілігі бар 1 500 адам жұмыспен қамтылады.
– Өңірде ерекше қажеттілігі бар 6 мыңнан астам бала бар. Инклюзивті білім беру әдісімен 4 300 бала қамтылған. Оның ішінде 1 000 бала – мемлекеттік балабақшаларда, ал қалғаны – мектептерде. Партияның жоспарына сәйкес, алдағы бес жылда мүгедек балалардың инклюзивті біліммен қамтылу көрсеткішін 70 пайызға дейін, бейімделген нысандардың үлесін 100 пайызға дейін жеткізу міндеті қойылды, – деді штаб өкілі Олжас Сейтимов.Орталық қызметкерлері мен қызмет алушылар бірқатар мәселені көтерді. Әсіресе, инватакси қызметі түйткілге айналғанын жеткізді. Айтуларынша, қалада күн сайын желіде 6 көлік жүруі қажет болса, шын мәнінде екеуі ғана қатынайды екен. Қалған техникалар үнемі жөндеуде жатады-мыс. Сонымен қатар шипажайға берілетін жолдамалар саны күрт азайып кеткені мүмкіндігі шектеулі жандарды алаңдатып отыр. Сайлауалды штаб өкілдері бұл ұсыныс-тілектерді қаперге алатынын және алдағы уақытта жұмыстанатынын жеткізді. Партиялықтар орталық ұжымы мен қызмет алушыларды сайлауда белсенділік танытып, «AMANAT» партиясына дауыс беруге шақырды.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясының Сайлау қоры қаражатынан төленді.